00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

344 қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды – ІІМ

25.02.2023 | 09:16
Елорда ақпарат
40

Жеке басын сипаттайтын деректерді және жасалған қылмысқа қатыстылығын ескере отырып, ішкі істер органдары бойынша 255 күдікті қамақтан босатылды. Оларға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалды. Одан басқа соттың үкімі бойынша 332 сотталушы қамақта босатылды, - деді ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Сондай-ақ бүгінгі таңда қылмыстық істер бойынша 14 адам қамауда отыр.

Алматы қаласы бойынша – 8, Алматы облысы – 3, Жамбыл облысы – 3. Олардың барлығы ауыр қылмыстарды жасауда күдікті. Ішкі істер органдарының тергеушілері 565 айыпталушыға қатысты 344 қылмыстық істі айыптау актісімен сотқа жолдады. Осындай істердің негізгі бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау жөніндегі істер құрайды. Қаруды заңсыз сақтау – 37, қаруды ұрдау – 18, айдап кету – 58 және т.б., – деді ол. 

Барлық жаңалықтар