00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Шетелде демалған қазақстандықтар саны 845,2 мың адамды құрады

25.02.2023 | 08:35
Елорда ақпарат
32

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2022 жылғы бірінші тоқсанда туризм көрсеткіштері анағұрлым өскен. Шетелге шығып демалғандардың саны 845,2 мың адамды құрады, бұл былтырғы көрсеткіштен 60,1% артық. Ішкі туризм бойынша да жағымды динамика байқалған. Демалыс орындарына орналастырылғандар саны 1 131,9 мың адам, былтырғы кезеңмен салыстырсақ, өсім 21,6% құрап отыр. 

Келушiлерді орналастырумен айналысатын объектілер саны 3 756 бірлікті құрады, ондағы бөлмелер саны 80 983. Олар 1229 мың адамға 26270,2 млн теңге сомасына қызмет көрскен. Орналастыру орындарының көрсеткен қызмет көлемi (мейрамханаларда көрсетілетін қызметтерiн қоспағанда) өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,7%-ға артты, – деп хабарлады бюро. 

Барлық жаңалықтар