00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Қаржы пирамидасы мұрныңыздың астында емін-еркін жұмыс істеген»: Қаржылық мониторинг агенттігі сынға қалды

25.02.2023 | 08:27
Елорда ақпарат
43

Депутаттың айтуынша, агенттік шынымен жұмыс жүргізсе, «Гарант 24 ломбард» қаржы пирамидасы бір жыл бойы тайраңдап жүрмес еді. Мәжіліс дпеутаты аталған қаржы пиармидасының емін-еркін жұмыс істеп келгенін қалай түсіндіретінін сұрады.

Гарант 24 ломбард» қаржы пирамидасы мұрныңыздың астында отырып, бір жылдан аса уақыт емін-еркін жұмыс істеді. Мұны қалай түсіндіресіз? Сіздер 27мың адамның алданғанын күтіп жүрдіңіздер ме?! Мұндай алаяқтар әлі жұмысын істеп, еркін «өмір сүріп» жатыр. Әлеуметтік желіде ақпарат таратып, ірі қалаларда кеңсе жалдап, халықты тартуда. Ресейде ресми тұрде жабылған қаржы пирамидасы біздің елде әлі де жұмыс істейді екен. Бір жылдан бері жарытып ешнәрсе істей алмай отырсыздар. Осыларды тайраңдатып қойып, «біз қарқынды жұмыс істеп жатырмыз» деп отырсыз, - деді депутат.

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Ғабит Садырбеков адамдар оңай олжа тапқысы келетінін айтты.

Мен не түсіндіре аламын? Адамдар аз уақыт ішінде көп ақша береміз деген жерге барады. Адамдардың барлығын қарап жүре алмаймыз ғой. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қолдан келгеннің барлығын істеп жатырмыз, – дейді Садырбеков.

Барлық жаңалықтар