00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қостанайда «Соңғы қоңырауда» оқушылар «біздің ресейлік геройлар» деп әндеткен

25.02.2023 | 08:14
Елорда ақпарат
53

Қазақстанда тұрып, «ресейлік геройлар» деп ұрандатқаны несі? Мектеп директоры немесе тәрбие ісі жөніндегі меңгерушінің мұндай әнді қосуға қалайша рұқсат берді? Сөйтсек, «Жас Алаш» басылымының жазуынша, бұл сол мектептің жылдағы «игі дәстүрі» екен. Ең сорақысы, дәл сол шараға Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев қатысыпты. Жергілікті Білім басқармасының бастығы да қалыспаған, ол да осы шараны Instagram-парақшасына мақтанышпен жариялапты.

Бұл деген басыну ғой? Біз өзі қай мемлекет үшін кадр дайындап жүрміз? Ресей үшін бе? 30 жылдық тәуелсіз ғұмырымызда өзіміздің идеологиямызды айқындай алмағанымыз ба? Балаларымыз әлі орыс идеологиясының әндеріне билейді екен. Жарайды, ол мектептің директор-завучі жан-тәнімен ресейшіл мақтабастар болар. Мәселе мынада: солтүстік өңірлеріміздегі орыс мектептері түлектерінің 50-90 пайызы аттестатын ала салып, Ресейге кетіп жатады. Сонда біз мемлекет есебінен өзіміздегі орыс мектебінде Ресей үшін тегін кадр дайындап жүрміз ғой, ашығын айтқанда? Біз сияқты патриоттардың соңғы 10-15 жыл бойы шырылдап айтып жүрген ұсынысымыз сол, қазақ балаларын орыс мектебінде мемлекет есебінен орыс тілінде оқытуға болмайды! Конституциямызда «мемлекеттік тіл» деп жалғыз қазақ тілі бекер тұрған жоқ шығар. Конституцияны желеу етіп, бұдан былай орыс мектебінде бюджет есебінен оқытуға тыйым салуға болар еді ғой? Қазақстанның ұл-қыздарын мемлекет есебінен тек қазақ мектебінде оқытатын құқығымыз бар. Әгәрәки, өзіміздің қазақтарымыз өз баласын орысша болсын, қытайшасы, басқа тілдегі болсын білім беретін мектепте оқытқысы келсе, онда мұны мемлекет есебінен емес, өз есебінен оқытсын. Қазақстанда 3,5 миллион орыс үшін 3,5 мыңнан астам орыс және аралас мектеп бар. Бізде өзбек, ұйғыр түгілі, тәжік мектебі бар. Қазақстандағы 15-20 мың тәжік үшін мемлекет тәжік тілінде оқытатын мектепті асырап отыр. Олар бірақ диаспоралар. Тәжік мектебінде қазақ баласы оқымайды. Қазақ баласы орыс мектебінде оқиды. Бұл ақылға сыймайды. Бұл мәселені қалай да шешу керек. Білім саласындағы заңдарды өзгерту қажет болса да. Ресми түрде 850 мың қазақ тұратын Ресейде мемлекет қаржыландыратын бірде-бір қазақ мектебі жоқ қой, – дейді қоғам белсендісі Руслан Түсіпбек.


 

Барлық жаңалықтар