00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Күллі қазақ көз тігіп отыр – профессор

25.02.2023 | 08:11
Елорда ақпарат
44

Бұл референдум елін, жерін сүйетін қазақтың әрбір азаматы бейжай қарамайтын маңызды шара деп ойлаймын. Өйткені Ата заңның 33 бабына өзгерістер енгізілуі біздің келешегіміздің, жарқын болашағымыздың нұрлы болуы, қоғамдағы оң өзгерістердің бастамасы. Сондықтан мен дауыс беруге арнаулы келіп, өз таңдауымды жасадым. Бұл – қазақ елінің, қазақ халқының жаңаша даму кезеңінің бастамасы болса екен тілеймін. Бүгінгі референдумға тек қазақстандықтар ғана емес, төңіректің төрт бұрышындағы қандастарымыз көз тігіп, тақым қысып отыр. Өйткені Қазақстанның болашағы әр қазақтың болашағымен қатысты, - деді Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, AMANAT партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, профессор Жасан Зекейұлы.

 

Барлық жаңалықтар