00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Референдумнан көру қабілеті нашар қала тұрғындары да қалыс қалмады

25.02.2023 | 08:09
Елорда ақпарат
27

№42 тіркеу учаскесіне арнайы өтініш берген Гүлсім Ахметжанова – І топ мүгедегі. Еліміздегі маңызды іс-шарада өз еркімен азаматтық таңдауын жасады.

Осы уақытқа дейін көп жыл дәрігер болып жұмыс ісетедім. Қазір денсаулығым мәз емес. Бірақ референдум күні 5 маусым деп белгіленгенде жолдасыма өтініш жазуды тапсырдым. Себебі дауыс беруден қалыс қалғым келмеді. Осылайша, үйдің қасындағы №42 учаске комиссиясы арқылы дауыс беріп отырмын, - деді ол.

2019 жылдан бері ауырып, көру қабілеті нашарлаған Бифатима Бауыржанова да өз таңдауын жасағанына қуанып отыр.

Бұрын мұғалім болып қызмет еттім. Бүгінгі іс-шара халық үшін маңызды. Сол үшін арнайы комиссияға өтініш жаздық. Дауыс бергеніме қуаныштымын. Елімізде тыныштық болғай! - деді ол.

Барлық жаңалықтар