00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай мерекелік концерт өтті

25.02.2023 | 08:02
Елорда ақпарат
32

Оған 20 мыңнан астам көрермен қатысты. 

Елордалықтар мен қала қонақтарының алдында қазақ эстрадасының танымал жұлдыздарымен қатар жас әншілер де өнер көрсетті.

Олардың қатарында - Роза Рымбаева, Ұлықпан Жолдасов, «Жігіттер» тобы, Айқын, Raim, Қуандық Рақым, AYREE, Аргоня, Мансұр және Қобыланды, «Алашұлы» тобы, Дана Кентай, Фарида Жолдасова, Зарина Омарова, Prince, Садраддин, 2RAR, AKHA бар.

Іс-шарада отандық белгілі әншілер әннен шашу шашып,  елордалықтардың көңіл күйін көтерді. Жастар Мәслихатының депутаты, Еркеғали Рахмадиев атындағы филармониясының солисі Алтыншаш Мұқатаева мерекеге орай тыңдармандарға өзінің авторлық әнін шашу ретінде орындады.

Эстрада жұлдызы Роза Қуанышқызы елордалықтарды мерекемен құттықтап, өз тілегін жеткізді.

Рәміздер мерекесі – бұл нағыз халықтық мереке деп санаймын. Себебі біздің рәміздеріміз – ол біздің мемлекеттілігіміздің айғағы. Рәміздер күні мерекесін өсіп келе жатқан жас ұрпақ біліп өсуі керек. Оларды әрқашан дәріптеп, қуанышты мереке ретінде атап өуіміз қажет. Мен де бүгінгі мерекеге әндеріммен үлесімді қосамын. Мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығымен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын!, - деді Роза Қуанышқызы.

Барлық жаңалықтар