00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

ЕҰУ студенттері референдумның мән-маңызын талқылады

25.02.2023 | 07:59
Елорда ақпарат
29

Іс-шараның басты қонағы – Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров қатысушыларға саяси іс-шара қоғам үшін маңызды сұрақтардың шешуші түйіні екенін айтты. 

Референдум өткен соң келесі күні халық тарапынан бұл өзгерістер қашан болады деген сұрақ туындайды. Екінші күні бірден «Жаңа Қазақстан» орнап кетеді деп айтудың қажеті жоқ. Ол кезең-кезеңімен болады. Сондықтан халыққа сенімділік пен сабырлық қажет, – деді Сенат депутаты. 

Өз кезегінде қоғам белсендісі Максим Рожин, әсіресе, жастар қауымын Ата заңға дауыс берер алдында өзгерістерді зерттеуге шақырды. 

Конституцияға өзгерістер осыдан екі жыл бұрын Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде талқыланып келеді. Сарапшы маман ретінде халықтың басым көпшілігі Президентке қатысты өзгерістерді қолдайтынын байқадым. Бұл бұқара арасында басқару жүйесінде әділеттілікке сұраныс артқанын көрсетеді. Референдумға 33 бапқа өзгеріс енгізу туралы ұсыныс қойылған. Оның артынан 20-ға жуық заң күшін жойып немесе сәйкестендіру жұмысы жүргізіледі, – деді ол. 

Айта кетейік, жиынға университеттің Жастар орталығының төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар мәслихатының депутаты Аян Сәлімгереев және жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты. Олар жастар саясаты туралы өз пікір-сұрақтарын талқыға салды.

 

Зарина САРСЕНБАЙ 

Барлық жаңалықтар