00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әр азаматтың референдумға қатысуы аса маңызды – Дәурен Бабамұратов (ВИДЕО)

25.02.2023 | 07:39
Елорда ақпарат
49

Конституцияға енгізілетін өзгерістердің ауқымы өте кең. Осы ауқымды мәселеде халықтың таңдауы қажет болып тұр. Себебі дәл осы өзгерістерден кейін жалпы елдің қоғамдық-саяси дамуы біршама өзгереді. Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттің қоғамдық-саяси дамуына серпіліс әкелмек. Сәйкесінше әрі қарай әлеуметтік-экономикалық даму да өзгереді. Бұл өзгерістерді халықтың жаппай мақұлдауы өте қажет болып отыр. Себебі үлкен серпілістің, үлкен бетбұрыстың, үлкен өрлеудің алдында тұрмыз. Референдум өткізу – бұл үлкен стратегиялық шешім, жауапты сәт. Мұнда халықтың қолдауы өте қажет. Қоғамдық-саяси, экономикалық даму тұрғысынан жаңа деңгейге қадам басу үшін әр азаматтың бұл науқанға атсалысуы аса маңызды.Сондықтан бұл жерде дәл осындай шешім, яғни референдум арқылы шешімді мақұлдау дұрыс, маңызды әрі уақытылы жасалған қадам деп ойлаймын, - деп атап өтті Дәурен Бабамұратов сұхбат барысында.

Барлық жаңалықтар