00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Павлодарлық әйел ажырасқан күйеуінен ерекше тәсілмен кек алған (ВИДЕО)

25.02.2023 | 07:16
Елорда ақпарат
47

Павлодар көшелерінде қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін сақтау мониторингі кезінде ЖБО бейнебақылау инспекторы қала бойынша жалған нөмірмен жүрген, бірақ тіркеу есебінде жок «Инфинити» автокөлігін анықтады. Инспектор көлік туралы барлық ақпаратты дереу жақын маңдағы полиция патруліне берді, олар жүргізушіні тоқтатты, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ал 36 жастағы павлодардық оның көлігінің тіркеу есебінен шығарылғанын, мемлекеттік нөмірдің жалған екенін полицейлерден білген.

Кейін көліктің иесі оның әйелі екені белгілі болды, бірақ қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар ажырасып жатыр. Яғни, күйеуіне ашуланған әйелі бұл туралы ештеңе айтпастан көлікті есептен шығарған көрінеді. Дегенмен бұл жүргізушіні жауапкершіліктен босатқан жоқ. Ер адамға қатысты ӘҚБтК 590-бабы 4-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.

 

Барлық жаңалықтар