00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Махаббат Еспенова: Референдум өткізу – аса маңызды шешім

25.02.2023 | 06:55
Елорда ақпарат
48

Өткізілетін референдум әр азаматқа еліміздің жарқын болашағына ықпал ететін тарихи оқиғаға қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Президент өз сөзінде Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына жаңа бағдар беретін саяси реформалардың он негізгі бағытын атап өтті:

1. Президенттің өкілеттігі туралы;

2. Өкілді билік тармағын қайта құру;

3. Сайлау жүйесін жетілдіру;

4. Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту;

5. Сайлау үдерісін жаңғырту;

6. Құқық қорғау институттарын күшейту;

7. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттігін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту;

8. Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру;

9. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру;

10. Дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы.

Бұл реформалар 5 маусым күні өтетін республикалық референдумға ұсынылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында өз көрінісін тапты.

Осы жылдың 22 сәуірінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобымен қорытынды кездесу өткізіп, Конституциялық кеңестің қарауына ұсыну үшін Конституцияға түзетулер топтамасын енгізді.

Мемлекет басшысының саяси тұрақтылықты, адам құқығы мен бостандығын, қоғамдық келісімді қамтамасыз ететін еліміздің конституциялық жүйесін жетілдіруге бағытталған бұл бастамасын ең дұрыс шешім деп айтар едім.

Барлық жаңалықтар