00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Конституцияға өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды

25.02.2023 | 06:55
Елорда ақпарат
49

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» ҰКП директоры Бейсен Жолболдиев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Наталья Калашникова және елордалық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері қатысып, ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу мәселелерін талқылады.

Аталмыш қауымдастық төрағасы Сания Ирсалиеваның сөзінше, Президенттің референдум өткізу туралы шешімі оң өзгерістерге бастайды.

Біз Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесін талқылап отырмыз. Неге десеңіз, бұл – біздің негізгі заңымыз. Мұны «Жаңа Қазақстандағы» дұрыс шешім деп айтар едім. Референдум өткізу халқымыз үшін, мемлекетіміздің дамуы үшін өте маңызды. Сол себептен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бастамасын қолдап, белсенді қатысуға шақырамын, – деді С.Ирсалиева.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Бейсен Жолболдиевтің айтуынша, референдум өткізу – тарихи шешім.

Шын мәнінде, бұл – тарихи оқиға. Өйткені алдыңғы өзгерістер Парламенттің төңірегінде қаралды. Оның бәрі заңды. Бірақ халықтың арасында ешқандай талқылау болған емес. Соңғы ақпаратқа сәйкес, референдумға 11 млн 700 мың адам қатысуға құқылы. Яғни олар – 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары. Енді бұл кезеңде еліміз бойынша 10 мыңнан астам арнайы орын болады. Әр азамат 20 мамырдан бастап тізімде бар не жоғын біле алады. Дауыс беруге ешкімді міндеттемейміз. Өйткені бұл – азаматтардың өз қалауы, – деді ол.

Барлық жаңалықтар