00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада Әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері референдумның мән-маңызын талқылады

25.02.2023 | 06:53
Елорда ақпарат
18

Бүгін елорда әкімдігі жанынан құрылған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бүкіл мүшесі жиналып жатыр. Ондағы мақсатымыз – Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдумның мән-маңызын талқылау. Соңғы рет референдум 27 жыл бұрын өтіпті. Ол кезде заңға енгізілетін өзгерістер Парламент деңгейінде талқыланған еді. Ал бұл жолғы референдумның ерекшелігі – ол халықпен ақылдасу, халықтың үнін тыңдау, халықтың билікке араласуына жол ашуды қамтиды. Оны қоғамның саяси сауаттылығын көрсететін емтихан деп білемін. Сондықтан осы емтиханнан ұлт болып сүрінбей өтуіміз керек, – деді «Бақытты отбасы» орталығының төрайымы Ырза Тұрсынзада.

Комиссия мүшелерінің айтуынша, қоғамның жақсы жаққа өзгергенін қалайтын кез келген азамат референдумға қатысып, саясатқа араласуға тиіс.

Отбасы мәселелері, балаларға қатысты проблемалар, демографиялық саясат – мұның бәрі қазір кез келген ақпарат ұйымының күн тәртібінде тұрғаны белгілі. Сондықтан теледидар мен газет беттерінен Президенттің жаңа Қазақстан жайлы идеясын көріп-тыңдап қана қоймай, осы іске өзіміз араласып, саяси жүйені қалыптастыруға үлес қосуымыз қажет. Біздің тамшыдай болсын үлесіміз қоғамымызды өзгертуге әсер ететінін ұмытпауымыз керек. Бұрын біз, халық, ешқашан Конституцияны өзгерту ісіне қатысқан емеспіз. Енді сол мүмкіндік туып тұр, – деді журналист, елорда әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Айгүл Мүкей.

Барлық жаңалықтар