00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада алғаш рет ата-аналар форумы өтті (ФОТО)

25.02.2023 | 06:38
Елорда ақпарат
85

Форум бала тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді көтеру және ата-аналарға ақпараттық, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара пленарлық отырыс және секциялық залдардағы мастер-класстарға бөлінді.

Бүгін ата-аналарға арналған форум өткізіп жатырмыз. Форумның негізгі мақсаты – «ата-ана, мектеп, оқушы» деп аталатын алтын үш тағанның басын біріктіру. Біз осы арқылы ата-аналарға «Балаларымыз үшін бірігейік» деген үндеу тастағымыз келеді, - дейді BINOM «Ұлы дала» мектеп-лицейінің директоры Құралай Байтажикова.

Мектеп директорының айтуынша, іс-ашараны өзкізбес бұрын оқушылардың алаңдаушылығын зерттеп көрген. Зерттеу нәтижесінде балаларды ата-аналарымен қарым-қатынастағы кейбір түсініспеушіліктер толғандырады екен.

Бақытты бала дегенде жетістікке жеткен бала мен бақытты баланың айырмашылығын ажырата білу керек. Кез келген жетістікке жеткен бала бақытты емес, бірақ кез келген бақытты бала жетістікке жетеді. Ата-ана тарапынан қойылатын талаптар балаға бақытты болу емес, жетістікке жетуге апарады. Дүниежүзілік статистикаға сәйкес, суицид жасайтындардың көбі жетістікке жеткендер, яғни бақытын таба алмағандар, - дейді «Сенімен болашақ» ҚБ төрағасы, педагог-коуч Ғалымбек Бермағамбетов.

Форумның пленарлық отырысында «Бала бақыты: ата-ана, мұғалім және баланың көзқарасы» тақырыбында дисскуция жүргізілді. Бұл тақырыпта оқушылардың толғанысын анықтау үшін алдын ала жасалған «Креативті уоркшоптың» SWOT-талдауы таныстырылып, пленарлық отырыстың спикерлері пікір алмасты, тақырып бойынша ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді.

Барлық жаңалықтар