00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Аты аңызға айналған батырлардың тұлғасын біз қашанда ардақ тұтамыз – Әшімбаев

25.02.2023 | 06:19
Елорда ақпарат
41

Сенат спикері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым етті. Кейін ұлтымыздың даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының ескерткішіне арнайы барды.

Баукең – қазақ үшін ерлік пен өрліктің символы. Аты аңызға айналған батырдың тұлғасын біз қашанда ардақ тұтамыз. Еңселі елдік – ерен ерліктің нәтижесі. Сондықтан аталарымыз бен әкелеріміздің даңқты жолын әрдайым ұлықтау – біздің перзенттік борышымыз. Сол себепті таяуда ғана Мемлекет басшысы ерлігі уақытында ескерілмеген батырлар Төлеуғали Әбдібековке, Александр Несмияновқа және Ыбырайым Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағын берді. Бұл – тарихи әділдікті қалпына келтірудің жарқын көрінісі. Бейбітшілік пен береке-бірліктің қадірін арттыратын мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Әрдайым қастерлі Тәуелсіздігімізді бағалай білейік. Жеңіс күні құтты болсын! - деп жазды М.Әшімбаев Facebook-парақшасында.


 

Барлық жаңалықтар