00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

70 жастағы Түркістан тұрғыны 20 жыл бойы төлқұжатсыз жүрген

25.02.2023 | 05:24
Елорда ақпарат
13

Шардара аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне 70 жастағы Атиш Баянова жеке басын құжаттандыруға өтініш білдірген. 2002 жылы Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға көшіп келген ол, құжаттарын жоғалтып алыпты. Содан бері 20 жыл бойына құжатсыз жүрген.

Көші-қон полицейлері кейуананы бірден тіркеуге алып, шұғыл түрде құжаттарын рәсімдеп берді. Нәтижесінде аз ғана уақыттың ішінде тәртіп сақшылары ақ жаулықты ананың кім екенін анықтайтын төлқұжатын жасап, табыс етті.

Қатты қуанған әжей тәртіп сақшыларына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Бүгінде Атиш Баянова 2 ұл 3 қыздан 18 немере 4 шөбере сүйіп отыр.

 

Барлық жаңалықтар