00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жұмыссыздардың жартысына жуығы ауылда тұрады – депутат

25.02.2023 | 05:22
Елорда ақпарат
50

2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ел бойынша ауылдық жерлердегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрайды: 181 мың адам немесе елдегі барлық жұмыссыздардың 40 пайызы. Ауылда жұмыспен қамтылғандар саны 3,6 миллион адамды құрады және 2019 жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға (3,7 миллион адам) төмендеді. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың саны шамамен 1,2 миллион адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 34 пайызын құрайды. Ауылда өзін - өзі жұмыспен қамтыған халықты және жұмыссыздарды тарту бойынша серпіліс пен айқын жоспарлар жоқ, – деп мәлімдеді Рау.

Депутат жастардың жақсы өмір мен табыс іздеп ауылдардан жаппай кетіп жатқанын еске салды.

Олардың кәсіби білім деңгейі жеткіліксіз және олар жақсы жұмысқа орналаса алмайды. Бірақ ауылда тұрып, жұмыс істей отырып, дәл осындай жастар жақсы табыс табатын мысалдар бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті дамыту және халықтың табысын арттыру жөніндегі ұлттық жобаның орындалуын қамтамасыз етуі қажет, – деді ол.

Раудың айтуынша, «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» пилоттық жобасы жақсы нәтиже берді: 2019 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны үш есе азайды (1 615-тен 557 адамға дейін), жобаға қатысушылардың орташа табысы 2,5 есе өсті (айына 41,6-дан 104 мың теңгеге дейін), өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандар саны (1 846-дан 1 206 адамға дейін) азайды.

Барлық жаңалықтар