00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алматылықтар қанша шайпұл қалдырады – зерттеу

25.02.2023 | 04:56
Елорда ақпарат
20

Тоғыз айға созылған экспериментке 200 алматылық даяшы қатысқан. Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, шайпұлдың ең үлкен көлемі 8000 теңге болған. Ал ең аз сома 1 теңгені құрапты. Егер жалпылай айтсақ, шайпұл көлемі 500 теңге мен 2000 теңгені арасында, бірақ клиенттер көбіне 1000 теңге қалдырады.

Адамның даяшыға шайпұл қалдыру туралы шешіміне клиенттің көңіл-күйі мен жомарттығы, сондай-ақ қызмет көрсету сапасы ықпал етеді. Даяшылары нашар қызмет көрсететін ұйымдарда қонақтардың 2-5 пайызы ғана шайпұл қалдырады. Ал даяшылары зыр жүгіріп қызмет ететін орындарда бұл көрсеткіш 25 пайызға жетеді.

Мұнымен қоса мамандар тамақтанатын орынның танымалдығы мен ауқымы шайпұл көлеміне әсер етпейтінін атап өтті. Мәселен, жалпы сома бойынша ірі танымал мейрамхана желілерінің қызметкерлерімен бәсекеге түсе алатын кішігірім кафе даяшылары бар.

Барлық жаңалықтар