00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Президент Іс басқармасының қызметкерлері де сенбілікке шықты

25.02.2023 | 04:48
Елорда ақпарат
17

Қазақстан Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы мен ведомстволық мекемелердің қызметкерлері де республикалық экологиялық акцияны қолдады. Сенбілікте барлық нысанда қысқы кезеңнен кейінгі абаттандыру және тазалау жұмыстары жүргізілді.

Бұл туралы ведомствоның facebook-парақшасында жазылды. 

Қоршаған ортаның көркеюі мен дамуы үшін маңызды болып табылатын жалпы республикалық сенбілікке 600 ге жуық қызметкер қатысып, саниятариялық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Адам денсаулығының айнымас бір бөлігіне айналған табиғат тазалығын қалыптастыруға бағытталған бұл іс-шараларға қызметкерелер алдағы уақытта да атсалысып, акциялар өз жалғасын табатын болады, – делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар