00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қорғаныс министрлігі әскери ғалымдарды марапаттады

25.02.2023 | 04:32
Елорда ақпарат
44

Салтанатты шара Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтті.

Қазақстан Қарулы күштерінде әскери саланы дамыту ордасы – Ұлттық қорғаныс университеті. Оқу орнында 62 ғалым, оның ішінде 6 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты, 36 философия докторы (PhD) педагогикалық және ғылыми қызметпен айналысады.

Әскери ғалымдардың ғылыми ізденістері әскери өнердің теориясы мен практикасын, жауынгерлік даярлықтың, әскери тарихтың, әскери педагогиканың өзекті проблемаларын, қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғыртудың, сондай-ақ Қарулы күштерді дамытудың басқа да бағыттарын зерттеуге бағытталған.

Соңғы бірнеше жылда ғана ұшқышсыз ұшу аппараттарының арнайы бағдарламалық қамтылымын, басқару мен климатты бақылаудың электрондық блогы бар сутегі генераторын әзірлеуге, зымыран нысаналары мен зымыран отыны саласындағы әзірлемелерге патенттер беріліп отыр. Алдағы уақытта Қарулы күштерге Ұлттық қорғаныс университетінің қабырғасында әзірленген «Шағала» барлау ұшқышсыз ұшу аппараты берілетін болады, - деді Сұлтан Қамалетдинов.

Қорғаныс министрінің орынбасары Қазақстанның әскери ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан әскери ғалымдарға грамоталар тапсырды.

Барлық жаңалықтар