00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру порталы жаңа видеосабақтармен толықты

25.02.2023 | 04:31
Елорда ақпарат
30

Әрбір бейнедәріс ұзақтығы 10-15 минуттан тұратын ыңғайлы қысқаша онлайн-форматта 1-11-сыныптарының оқушылары үшін әзірленген.

2021-2022 оқу жылының III тоқсанында «Ұлы тұлғалар. Мерейтойлық күнтізбе» – «Великие личности. Календарь знаменательных и юбилейных дат» жаңа бағыты бойынша видеодәрістер порталға енгізілді. Бұл бағытта оқушылар үшін еліміздің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғалардың айтулы және мерейтойлық күндеріне арналған видеосабақтар бар.

Сонымен қатар, қыш, киіз, қолданбалы өнер, зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сыныптары да порталға орналастырылған.

Жыл басынан бастап Мәдениет және спорт министрлігінің бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің, шығармашылық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамының қатысуымен сабақтардың видеотүсірілімі жүргізіліп келеді.

Жобаға Қазақстанның Халық артисі Гаухар Мырзабекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Болат Әбділманов, Толқын Зәбирова, Әділ Ахметов, Қазақстан киносыншылары ассоциациясының президенті Гүлнара Әбікеева, профессор, Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі Ольга Батурина және мәдениет пен өнердің басқа да өкілдері қатысқан. 

Барлық жаңалықтар