00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Актер Жан Байжанбаев журналисті ұрып жіберді (ВИДЕО)

25.02.2023 | 03:41
Елорда ақпарат
50

«Алматы» телеарнасында айтылғандай, актердің бұл әрекеті видеоға түсіріліп, желіде жарияланған. 

«Таңғы STUDIO» бағдарламасында тілші Байжанбаев туралы қалжыңдаған. Осы сәтте актер оны ұрып жіберген.

Тілші «Оскар» сыйлығын табыстау кезіндегі Уилл Смиттің әрекеті жайлы айтады. Актер салтанатты шарада «Оскар» жүргізушісін ұрып жіберген еді. Қазақстандық журналист Байжанбаевтың әлі «Оскар» алмағанын және мұның таңғалдырарлық жағдай емес екенін айтқан. Бұған ашуланған Байжанбаев студиядан шығып, тілші тұрған аймаққа барып, оны ұрып жібереді.

Бұл хайп үшін жасалды ма әлде шынайы ма, ол жағы әзірге белгісіз. Бастысы, журналиске қатты зақым келмепті. 

Барлық жаңалықтар