00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада бірнеше балабақша тәрбиеленушілері Бестемше ұлттық ойынын ойнады (ФОТО)

25.02.2023 | 02:57
Елорда ақпарат
56

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласы тоғызқұмалақ қауымдастығымен бірлеcіп балалардың ойлау қабілетін, логикалық ой-өрісін дамыту мақсатында №61 «Шолпан» балабақшасында зияткерлік Бестемше ұлттық ойыны жарысын өткізді.

І қалалық Бестемше ұлттық ойынына Бестемше ұлттық ойынын балабақша тәжірибесінде пайдалану» эксперименттік алаңына кіретін 13 мектепке дейінгі ұйымның (№5 «Ақ бота»,№24 «Айналайын»,№25 «Таңшолпан»,№44 «Үркер»,№48 «Ақ көгершін»,№49 «Алтынай»,№51 «Алтын сандық»,№61 «Шолпан», №65 «Бал бала», №71 «Мөлдір», №77 «Қошақан», №79 «Шабыт», №85 «Мейіржан») тәрбиеленушілері қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуларынша, іс-шараның мақсаты – әлем мәдениетінің озық үлгілері мен бой теңестіре алатын рухани ойын, қисынды ойлау өнерін балабақшаларға кеңінен таратып ойнату арқылы баланың арифметикалық қабілетін ашып, зердесін шыңдауға мүмкіндік беру. Осы арқылы Бестемше ұлттық ойынын балабақша тәжірибесінде қолдану. Сондай-ақ өскелең ұрпақты ұлтжанды, елін сүйетін, халық дəстүрін құрметтейтін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен азамат етіп тəрбиелеу. Ал ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірудің бір жолы – халқымыздың бай ұлттық мұрасын, оның ішінде ұлттық ойындарды насихаттау.

Ұлттық ойын  баланың танымдық ойлау қабілетін,тілін дамытумен қатар, оларды ұлтжандылыққа, елін, Отанды сүюге тәрбиелейді.

Жарыс белгіленген ойын ережесі бойынша өткізілді. Ойын 5 айналымнан тұрды. Барлық қатысушы бір-бірімен ойнап шықты.

Бүгінгі алғашқы жарыста 13 балабақшадан 13 бала қатысты. Әр балабақшада жарыс өткізіліп,сол жарыстағы жеңімпаздар бүгінгі сынға қатысты.

«Бестемше ойынын ересек топ балаларынан, яғни 4- 5 жастан бастап үйреткен тиімді. Тоғызқұмалақ ойынынан Бестемше ойыны балаларға үйренуге жеңіл әрі ойын ережесі күрделі емес. Ұлттық ойындарды мектепке дейінгі ұйымдарда насихаттау керектігіне бүгінгі таңда көзіміз жетіп отыр. Бұл ойындар баланы адамгершілікке, патриоттыққа,шапшаңдық пен ептілікке тәрбиелейді әрі ой, есте сақтау қабілеттерін, тілін дамытады, – дейді қалалық Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Айгүл Ережепова.

Ұлттық ойын жарысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және белсенділік танытқан ойыншылар грамотамен марапатталды, сыйлықтар берілді. 

Барлық жаңалықтар