00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ертең Украинаның Львов қаласындағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялайды

25.02.2023 | 01:34
Елорда ақпарат
20

«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! 2022 жылғы 28 ақпан күні таңертең сағат 09:30-да Қазақстанның Украинадағы елшілігінен Львов қаласындағы қазақстандықтарды эвакуациялау үшін автобус жіберіледі», - деп жазылған елшіліктің Telegram парақшасында.

Хабарламада айтылғандай, автобустың сиымдылығы 50 орын. Елшіліктің мекенжайы Ю.Ильенко көшесі 26, байланыс телефондары +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08

Маңызды ақпараттарды Қазақстанның Украинадағы елшілігінің әлеуметтік желі және мессенджерлердегі парақшасынан біле аласыздар. 

Instagram – kazembukr

Facebook – KazEmbassyUkr

Теlegram – t.me/KZembassyinUKR

Барлық жаңалықтар