00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық ТЖД-ға ту табыс етілді

25.02.2023 | 01:30
Елорда ақпарат
54

Іс-шара елордалық құтқарушылар саябағында өтті. «Құтқарушылар саябағы» скверінің аумағында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Юрий Ильин туды елордалық ТЖД бастығы Қуанар Базарбаевқа тапсырды.

Юрий Ильин елордалық ТЖД басшылығы мен жеке құрамды құттықтады.

Ту – адалдық,  батырлық пен батылдықты бейнелейтін басты әскери рәміздердің бірі. Сіздерге берілген ту жас офицерлерді тәрбиелеуде дәстүр мен іргетастың символы болсын, - деді Юрий Ильин.

Құтқарушыларды Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов құттықтады.

Сіздің кәсібилігіңіз бен адалдығыңыз біздің елордамыздың әл-ауқатының кепілі бола береді. Сіздерге зор денсаулық, отбасылық бақыт, қоғамымызға қызмет ету үшін кәсіби табыс тілеймін, - деді Ермек Қизатов.

Рәсім аяқталғаннан кейін «Құтқарушы» спорт кешенінде ТЖМ-нің ұйымдастыруымен құқық қорғау органдарының командалары арасында  КВН бойынша турнир өтті. Оған азаматтық қорғау, полиция және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет командалары қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін азаматтық қорғау қызметі ІІМ құрамында болған. Қайта ұйымдастырудан кейін дербес мемлекеттік органға айналды. Өткен жылдың қазан айында Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен рәмізінің, ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды.

 

 

Барлық жаңалықтар