00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда баспана бағасы көтерілді

25.02.2023 | 00:37
Елорда ақпарат
63

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елордада қаңтарда бір шаршы метр 2,4%-ға қымбаттап, 490 796 теңге болса, Алматы қаласында пәтердің 1 шаршы метрі 421 725 теңгеге (+1,6%) жетті.

Түркістан облысында (7,9%), Көкшетауда (5,5%) және Ақтөбеде (4,2%) тұрғын үй бағасының тым шарықтап кеткенін байқауға болады.

Пәтерлерді қайта сату бағасы орта есеппен 409 177 теңге (1 ​​шаршы метрі) болып, өткен аймен салыстырғанда 2,8%-ға өсті.

Тұрғын үйді жалдау ақысы шаршы метріне 3 395 теңгеге жетіп, 5,2%-ға өсті.

Тұрғын үйді жалдау ақысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Шымкентте шарықтап тұр.

Барлық жаңалықтар