00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қостанайлық еріктілер жерлестеріне қамқор болып жүр

25.02.2023 | 00:33
Елорда ақпарат
44

Қостанай облысы Жастар ресурстық орталығы волонтерлік секторының жетекшісі Сымбат Манатованың айтуынша, бүгінгі күнге дейін волонтерлер ҚАЖД-да «Сотталғандар арасындағы қысқы спартакиада», ТЖД-мен бірлесіп «Өрт қауіпсіздігі айлығы», «Абайлаңыз, жұқа мұз», Отбасы банкпен бірлесіп бетперде тарату, ЖИТС орталығымен профилактикалық іс-шаралар, Экология департаментімен бірлесіп эко-сенбіліктер мен профилактикалық әңгімелесулер, полицейлермен «Есірткіге жол жоқ» акциясы сияқты іс-шаралар өткізген. Алдағы уақытта «Олжа Агро» ЖШС, «Сарыарқа Автопром» ЖШС және облыстың жоғары оқу орындарымен меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

2021 жылы 4200 адамды қамтитын 2400-ге жуық іс-шара өткізілді. Жыл басынан бері облыс волотнерлері «Киелі табиғат», World Cleanup Day, «Бірге таза Қазақстан» республикалық және халықаралық жобаларына қатысты. Мемлекеттік қызметшілер мен немқұрайлы емес азаматтар ағаш отырғызумен, су айдындарын тазалаумен айналысқан, экологиялық сенбілікке шықты, сондай-ақ саябақтар мен аллеяларды ретке келтірді, қоқысты сұрыптаумен айналысты. Осы кезеңде облыста 7 000 ағаш отырғызылып, 250 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Жалпы алғанда, жобаға 8 000 мыңнан астам адам қатысты, - деді Сымбат Манатова.

Ол атап өткендей, былтыр эко-еріктілер Жаңа жылдан кейін шыршаларды жинау және кәдеге жарату акциясын ұйымдастырған. Акция аясында Қазақстанда алғаш рет 2 000 шырша өңделіп, Қостанай және Тобыл қалаларының саяжайларына отын ретінде берілген. Бұл акция алдағы уақытта да жалғасады.

Волонтерлер жетекшісі айтқандай, сонымен қатар эко-еріктілер экология тақырыптары бойынша подкаст (бейнесұхбат) жобасын ұсынған. Қазіргі уақытта 2 шығарылым көрсетілген, оның бірі «Тазалық туралы әңгіме» тақырыбына арналды.  

Қазақстанда алғашқы жоба - «Черновиктердегі кітаптар» ұйымдастырылды, оның мақсаты - А4 форматындағы черновых парақтарды жинау, қағаздың бір бетінде жазу жазылған, ал екінші жағы таза. Болашақта парақтар сұрыпталады және қолайлы жобаларда іскери бағыттағы кітаптар басып шығарылады. Қазіргі уақытта осындай 15 кітап жарыққа шықты, - дейді ол.

Сондай-ақ Сымбат Манатова ҮЕҰ ресурстық орталығымен және белсенді Ольга Чечулинамен бірлесіп «Халпер» жобасын ұйымдастырып, мұқтаж адамдарға киім-кешек жинағандарын айтты.

Қазіргі уақытта қайырымдылық көрсету арқылы тұрмыс жағдайы нашар отбасыларға 5000-ға жуық киім таратылған.

Қостанайлық еріктілер мұнымен тоқтап қалмай, Наурыз мейрамын мерекелеу аясында ҮЕҰ ресурстық орталығымен бірлесіп жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері үшін «Табиғат күні» іс-шарасын ұйымдастырған. Сонымен қатар гүлдер, органикалық тыңайтқыштар отырғызу, экосумкалар тігу, жемістерден экочипстер дайындау бойынша шеберлік сағаттарын өткізген.

Біздің волонтерлер Рудный қаласында да іс-шаралар легін өткізді. «Эко-хайкинг» марафонын ұйымдастырдық. Олар 6-8 шақырым жол жүріп, қоқыс жинады, - дейді облыстың волонтерлер жетекшісі.

Оның айтуынша, эко-еріктілер тұрақты негізде таза қала жобасын өткізіп келеді, апта сайын сенбіліктерге шығып, жағалауды қоқыстан тазартады. Осы орайда қайта өңдеу үшін 50 кило макулатура жинаған.

Волонтер атап өткендей, 2021 жылы қыс айында облыста «Қарлы десант» акциясы өткізілген, оған 15-тен астам ұйым қатысып, өңірге қарасты 20 елді мекеннен 400-ге жуық волонтер тартылған. Олар акция аясында 700-ге жуық жалғыз басты зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың аулаларын қардан тазартып берген. Сондай-ақ еріктілер күнделікті көмек пен кеңес беріп тұрады екен.

Мәселен, биыл қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін 100-ге жуық жалғыз басты зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың аулалары тазаланған.

«Халық» қоры мұқтаж жандарға азық-түлік таратуды ұйымдастырды. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін 2000 азық-түлік жиынтығы жеткізілді. Акцияға 20-дан астам ұйым, ЖОО, әскери оқу орындары және ҮЕҰ өкілдері қатысты. 230-дан астам волонтер тартылды. Сондай-ақ Қостанай облысы аумағында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған аймақтық киелі орындар квест-туры өтті. Квест-тур барысында қатысушылар Қостанай, Меңдіқара, Ұзынкөл, Сарыкөл және Алтынсарин аудандарында орналасқан облыстық маңызы бар киелі нысандарды аралады. Ыбырай Алтынсарин кесенесінде, Нұржан Наушабаев ескерткішінің жанында, Спандияр Көбеевтің бейітінде, Аспантай абыз әулие, Барақ батыр, Шоқай би жерленген жерлерде болып, Ыбырай Алтынсарин туған Омардың құдығын көрдік.

2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап төтенше жағдай кезінде облыс еріктілері құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ыстық тамақ пен шай таратып, патрульдеуге көмектесті, - дейді Жастар ресурстық орталығы волонтерлік секторының жетекшісі Сымбат Манатова.

Оның айтуынша, облыста «Дос», «Регион – 10», «Барыс», «Виктория» және «Лидер» іздестіру-құтқару жасақтары белсенді жұмыс істейді. Сондай-ақ Лисаков қаласында «Регион – 10» іздестіру-құтқару еріктілер жасағының филиалы ашылған.  

Волонтерлер жетекшісі атап өткендей, Қостанай қаласында екі әлеуметтік дүкен ашылған, онда мұқтаж адамдар қажетті заттарды ақысыз алады.

Рудный қаласында да «Феникс», «Прометей» және «28 петель» секілді еріктілер ұйымдары жұмыс істейтінін атап өткім келеді. Біз өзіміздің алға қойған мақсат-міндеттерімізді орындау үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Еріктілердің қатары көбейгені жақсы. Ол волонтерларды ынталандырып та отырамыз. Мәселен, жыл соңында «Үздік волонтерлік бастама», «Жылдың үздік волонтері», «Үздік волонтерлік ұйым» сияқты бірқатар іс-шара өткізіледі, онда белсенді еріктілер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Осындай іс-шаралар облыстың әрбір өңірінде тұрақты өтіп тұрады, - дейді Сымбат Манатова.

Барлық жаңалықтар