00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

«Ұрдым деп ойламаймын»: Сот Бекболат Тілеуханды ақтап шықты

24.02.2023 | 23:30
Елорда ақпарат
66

Сот отырысында экс-депутат журналиске дөрекі әрекет жасағанын мойындап, ашу үстіндегі қимылдары үшін одан кешірім сұрады. Бірақ Бекболат Тілеухан өз кінәсін толықтай мойындамады.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылсын, - деп шешім шығарды судья.

Тараптар 10 күн ішінде апелляциялық шағым бере алады.

Оқи отырыңыз: Бекболат Тілеухан мен журналист арасындағы жанжалға полиция түсінік берді (ВИДЕО)

Судья, өзіңіз көріп тұрсыз, мен өте қызуқанды адаммын. Мен оны ұрдым деп ойламаймын, бірақ эмоционалды түрде ауыр сөздер айтқанымды мойындаймын. Бұл сөздерім үшін Айнұр Коскинадан кешірім сұраймын, - деді сот отырысында Бекболат Тілеухан.

Тағы оқи отырыңыз: Бекболат Тілеуханның ұсталғаны рас па

Айнұр Қоскина өз кезегінде сот ұсынған татуласу мүмкіндігінен бас тартты.

Журналистің адвокаты Әсел Тоқаева бұрынғы депутаттың кінәсін алға тартып, оны әкімшілік жауапкершілікке тартуға шақырды.

 

 

Барлық жаңалықтар