00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық зейнеткерлерді интернет-банкинг, eGov, 2GIS қолдануға тегін үйрететін курс ашылды

24.02.2023 | 23:22
Елорда ақпарат
63

Курс «Мен енді онлайнмын / Я теперь онлайн» деп аталатын, ал сабақтар Алматыдағы Чехов атындағы кітапханада өтеді. 

Курстың қатысушылары интернет-банкинг, eGov, 2GIS қолдануды, сонымен қатар кибергигиенаны ұстануды, алаяқтардан қорғануды, желіде жұмыс іздеуді, т.б. үйренеді.

«Connect-ed» ұйымы Қазақстандағы цифрлық теңдікті дамытуды көздейді. Ұйым волонтерлері тұрмысы төмен отбасыларға техника ұсынып, ата-аналар мен балаларға арналған цифрлық сауаттылық курстарын өткізіп жүр.

Аталмыш жоба Chevron, ImpactHub және Алматының Орталық кітапханалар жүйесінің қолдауымен құрылған.

Барлық жаңалықтар