00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Анасын таныды»: Әскерден кейін есінен адасқан сарбаздың жағдайы жақсарды

24.02.2023 | 23:18
Елорда ақпарат
39

Orda.kz сайтының мәліметіне қарағанда, әскери қызметші орталықтан шыққаннан кейін алғаш рет ата-анасын таныған. Анасы Айғаным Ізбасарова ұлының дерті асқынып кете ме деп уайымдап, оған артық сұрақ қоймайтынын айтып отыр.

Оқи отырыңыз: ”Бөтен адам көрсе, жылай бастайды”: Есінен ауысқан сарбаздың анасы мәлімдеме жасады 

Ауруханадан шыққанына 5 күн болды. Ауру күшейіп кете ме деп одан ештеңе сұрамаймыз, мазалаудан қорқамыз. Дәрі-дәрмегін береміз. Басынан өткен сұмдықты еске түсірмеуге тырысамыз, – деді Ренаттың анасы. 

Ренаттың жағдайына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Енді ол сараптамалардан өтуі керек.

Тағы оқи отырыңыз: ”Бәрібір танымайды”: Есінен адасқан сарбаз психикалық ауруханаға жатқызылған 

Ренатқа сот тергеуі аясында бірқатар сараптама тағайындалды, бірі Алматыда өтеді. Ол үшін Ренат Жеткергеновті Қызылордадан Алматыға алып бару қажет. Бірақ оған 500 мың теңге керек. Бұған жол жүру, Алматыда тұру, тамақ кіреді. Ата-анасында мұндай ақша жоқ, - дейді Жеткергеновтер отбасының адвокаты Нұржамал Баянова.

19 жастағы жігіттің ата-анасы сараптама шығынын кінәлі тарап өз мойнына алса деп ниет білдірді.

Отбасымызда не болғанын, қандай қиын жағдайда тап болғанымызды бәрі біледі. 3-4 ай бойы ақысыз демалыстамын, мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Күйеуім жұмыссыз. Шынымды айтсам, Аралдан Қызылордаға бару үшін көп қаражат кетті. Ренат ауруханада жатқан облыс орталығында тұру да қымбат болды. Сондықтан сараптамаға бару үшін ұлым борышын өтеген 25744 әскери бөлімі шығынды өтеуі керек. Сол жерде ол осы жарақаттарды алды, - деді Айғаным Ізбасарова.

Отбасының адвокаты Баянова осындай ұсыныс бойынша Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Марат Құсайыновтың қабылдауына жазылған.

Барлық жаңалықтар