00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлттық музей қызметкерлеріне грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді

24.02.2023 | 22:47
Елорда ақпарат
50

Сондай-ақ, министр Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде музейді паналаған полицейлер мен курсанттардың өмірлерін сақтап қалғаны үшін ерекше ризашылығын білдірді.

Сізді бүкіл ел мақтан тұтады! Сіз керемет батылдық пен табандылықтың озық үлгісін көрсете білдіңіз, – деді Д. Абаев.

Ел басына күн туған, қиын-қыстау күндері музейді басқарған және бүлікшілермен келіссөз жүргізуші қызметін атқарған музей директорының орынбасары Бибігүл Дандығараева өзінің азаматтық және кәсіби борышын атқарғанын айтты.

Бұл әкімдік емес, бұл музей, біз халқымыздың мәдени мұрасын сақтап отырған киелі орын. Қолдарына лом, таяқ ұстап кіріп келген жас жігіттерге жалындым. Егер олар ұлттық жәдігерлерімізді қиратып, өртеп жіберетін болса, онда өз тарихымыздан айырыламыз. Осы нәрсе көкейімнен кетпеді. Қазір бәрі тынышталды. Маған атақ та, байлық та, марапат та керек емес. Ең бастысы, музейіміз аман болсын! - деді ол.

Барлық жаңалықтар