00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алматы облысының волонтерлері жалғыз басты қарттарға дәрі-дәрмектерді тегін жеткізіп жатыр

24.02.2023 | 22:47
Елорда ақпарат
53

Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 97 волонтерлік ұйым мен 8300 волонтер ресми тіркелген.

Бүгінгі күні облыстағы 90-нан астам еріктілер ұйымы қарт адамдарға, әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ аз қамтылған мұқтаж отбасыларға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен көмір таратып, көмек көрсетуде.

Қала аумағындағы ірі волонтерлік ұйымдар жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Мәселен,  интернет желісінің іске қосылуына байланысты «Баракат жақсылыққа жол» ұйымы әлеуметтік желілерде осы жұмысқа көмек қолын беремін деген мейірімді азаматтарды тарту бойынша онлайн-көмек жинауды іске қосты. Барлық қаржылық жинақтау волонтерлік ұйымның арнайы есепшоттары арқылы жүргізіледі, - деді Алматы облысының фронт-кеңсе жетекшісі Жанерке Бексеитова.

11 қаңтардан бастап «Күшіміз бірлікте» қайырымдылық акциясы аясында 404 404 «Жедел желісі» іске қосылды. Жалғызбасты, көпбалалы отбасылардан жалпы саны 181 қоңырау шалынды.

Төтенше жағдайларға байланысты 404-404 қауырт желі байланыс телефоны күндіз-түні халыққа қызмет көрсетуде. Тәулік бойы өз жұмысын жалғастыратын жедел желі тұтқасында халыққа бірінші кезекте көмегі қажет мамандар отыр. Олар: денсаулық сақтау саласының мамандары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша арнайы мамандар, білім беру басқармасы мамандары және еріктілер қызметін ұйымдастырушы жастар, - делінген хабарламада.

Жалпы, 473 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға, ардагерлер мен жалғызбасты қарттарға гуманитарлық көмек көрсетілді.

Дәріханалардың жұмыс кестесі туралы ақпарат беру мақсатындағы «Онлайн дәріхана» акциясы аясында 11- 20 қаңтар күндері 36 жалғызбасты қартқа олардың өздерінің қаражаты есебінен дәрі -дәрмектер жеткізілді. Сонымен қатар еріктілердің көмегімен облыс бойынша орнатылған блок-бекеттердегі 688 сарбазға ыстық тамақ таратылды. Талдықорған қаласының аумағында орналасқан блок-бекеттердегі 400-ден астам сарбаздар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар «Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің ұйымдастыруымен аязда таңнан кешке дейін облыс орталығының көшелерін тазартушы коммуналды қызметкерлерге арналған «Кел, шәй ішейік» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Іс-шара барысында ыстық шәй және бәліштер таратылды. Акцияның мақсаты – Талдықорған қаласының көркін келтіріп, жол жиектерін, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, игі іс жасап жүрген жандарға жылулық сыйлау.

 

Барлық жаңалықтар