00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұр-Сұлтан қаласының діни бірлестік өкілдері ревакцинациядан өтіп жатыр

24.02.2023 | 22:26
Елорда ақпарат
37

Бүгін біз елордамызда діни бірлестіктің басшылары, үкіметтік емес ұйымдар және біршама қайырымдылық мекемелердің басшыларымен ревакцинация алуға келдік. «Тәні саудың – жаны сау» демекші, барлығын ревакцинация алуға шақырамыз. Себебі өзіміздің жақындарымызды, бауыр, бала-шағаларымызды осы індеттен аман алып қалу керек. Алдағы уақытта елімізді, жұртымызды аман-есен сақтап қалу мақсатында осындай іс-шара жасап жатырмыз, - деді Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрдәулет Альмуханов.

Сонымен қатар «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы шариғатта денсаулықтың аманат екені айтылғанын жеткізді.  

Жалпы, вакцинация – бәріміз хабардар болғандай, жұқпалы дерт тараған кезде соған қарсы жасалатын ем-шара. Шариғатта бірнеше аятта, хадистерде денсаулықтың аманат екендігі айтылады. Сонымен қатар Алла қандайда бір ауру, дерт жаратқан болса, оның емінің жаратылғандығы туралы  бірнеше мәтінде бар. Қазір көпшіліктің ойында «шариғат вакцинация туралы қандай ой білдіреді?» деген сұрақ мазалап жүргендігі жасырын емес. Әр саланың өз маманы бар. Шариғатта сол саланың мамандарынан сұрандар деген аят бар. Әлбетте, біз Денсаулық сақтау министрлігіне қараймыз бұл мәселеде. Бұл сала мамандары вакцина алудың өте маңызды екендігін, кезек күттірмес үлкен шара екендігін бірнеше жерде айтты. Сонымен қатар біздің елордамыздың діни салаға жауапты имамдардың ревакцинация алуда. Бүгін Дін істері басқармасымен бірге ревакцинация жасау шарасына қатысып жатырмыз. Түсіндіру жұмыстарын елорда мешіттерінде кеңінен өткізудеміз. Қазіргі уақытта жұқпалы аурудың алдын алатын бір шешім – ол ревакцинациядан өту. Сондықтан біз елордалықтарды, қала тұрғындарын ем-шараны қабылдауға шақырамыз, - деді  Нұр-Сұлтан қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.

 

Барлық жаңалықтар