00:00
Астана -10oC
USD:
441.8
EUR:
480.02
RUB:
4.88
Іздеу

«Омикрон»: Елордада жаңа шектеулер енгізілді

24.02.2023 | 21:38
Елорда ақпарат
44

Бүгіннен бастап менің жаңа қаулыма сәйкес, елорданың «қызыл» аймаққа қайта енуіне байланысты ғимарат ішінде және сыртта көпшіліктің қатысуымен өтетін шараларға тыйым салынады. Оның ішінде отбасылық және басқа да мерекелік іс-шаралар бар. Ал еске алу шарасын «Ashyq» жобасына қатысатын мекемеде өткізуге болады. Бірақ 30 адамнан артық жиналуға болмайды, - деді Сархат Бейсенова қала әкімдігінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ бас санитар дәрігер бірнеше әлеуметтік нысанның қызметіне тыйым салды.

«Ashyq» жобасына қатысатындығына қарамастан концерт зал, филармония, театр, кинотеатр, цирк қызметіне тыйым салынады. Және жұртшылықтың қатысуымен өтетін жұма намаз басқа да діни шаралар өткізуге рұқсат жоқ. Одан бөлек, конференция, семинар, форум өткізу мен караоке, түнгі клубтардың жұмысы тоқтатылды, - дейді ол.

Сонымен қатар елордада тамақтану орындарында бардың қызметіне де тыйым салынды.

 

Барлық жаңалықтар