00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Newscorr: Енді кез келген адам ақпарат таратып, ақша таба алады

24.02.2023 | 21:37
Елорда ақпарат
47

Қазақстандағы қайғылы жағдай дәстүрлі БАҚ-тың барлық мәселеге үңілуге үлгере алмайтындығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ақпарат пен видео, фотоның басым бөлігі оқиға куәгерлерінің, қарапайым азаматтардың дер кезінде телефондарына түсіріп, ғаламторға жүктеуі арқылы редакцияға жетіп отырды. Әлем жұртшылығы мемлекетті құлатпақ болған тәртіпсіздіктердің тізбегін сол мобильді телефондарға түсірілген материалдардан біліп отырды. Осыған орай, ақпарат аламанында алдыңғы лекте болу үшін жаңа Newscorr сервисін іске қосып отырмыз, — деді "Экспресс К" бас директоры Александр Аксютиц.

Newscorr қосымшасын қазақстандық AITU DALA компаниясы іске қосты. Содан болар, жаңа сервистің жұмысы өте жеңіл. Қарапайым, ел тұрғындары қандай да бір оқиғаның куәгері болса, бірден ұялы телефондарының камерасына түсіріп редакцияға жолдай алады. Ол үшін newscorr.exk.kz сілтемесіне өтесіз, ары қарай нұсқаулықты орындасаңыз болғаны.

Азаматтардың оқиғаны баяндаған видео немесе фотосы автоматты түрде жаңалықтар порталының редакциясына түседі. Одан кейін «халық жаңалығының» шынайылығы мен маңыздылығы және авторлық құқықтың сақталуы тексеріледі. Егер барлық талапқа сай келсе материал сайтта жарияланады.

Материал авторы 24 сағаттың ішінде «Kassa24» сервисі арқылы 100 мың теңгеге дейін сыйақы алуға мүкіндігі бар. Табыс көлемі ұсынылған контенттің құндылығына қарай бағаланады. Егер ақпарат өте маңызды болса «Экспресс К» көрсетілген мөлшерден де артық ақша төлеуге ниетті.

Негізінен «халық жаңалығы» әлеуметтік желілердегі түрлі пабликтерде, БАҚ беттерінде тегін жарияланады. Біз осы жүйеге өзгеріс енгізгіміз келді. Енді кез келген азамат өз ақпаратын бізбен бөлісе отырып, табыс таба алады. Егер келісімін берсе, сайтта материал авторының аты-жөнін де көрсетуге дайынбыз. Бастысы контент еліміздің заңамасына сай және ұрланбауы тиіс, — деп атап өтті Александр Аксютиц.

Барлық жаңалықтар