00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Елордада бір тәулік ішінде 8 қылмыс тіркелді»: Қала комендатурасы жағдайды баяндады (ВИДЕО)

24.02.2023 | 21:35
Елорда ақпарат
32

464 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 183-і қалада тұру ережесін бұзу, қоғамдық орындарда ішімдік ішудің 36 және көші-қон заңнамасын бұзудың 18 дерегі тіркелді.

Қазіргі таңда 6 блокбекет жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдай режимін бұзған 200-ден астам адам жауапкершілікке тартылып, оның 28-і әкімшілік қамауға алынды.

Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Өкінішке қарай, жалған ақпарат тарату деректері де тіркеліп отыр. Қазіргі таңда 3 қылмыстық іс қозғалды.
Осындай әрекеттерге барғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тағы да ескертемін, төтенше жағдай ахуалында қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін жауапкершілік күшейтілген.

Азаматтарға тыныштық сақтап, заң бұзушылықтарға жол бермеуді және коменданттық сағатты бұзбауды сұраймын, – делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар