00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Түркістандық диқандар қырыққабат егуді бастап кетті

24.02.2023 | 21:31
Елорда ақпарат
24

Жетісай ауданында орналасқан Атамекен, Ералиев ауылдық округтерінің диқандары жылы ауа райын сәтті пайдаланып 5 гектар жерге қырыққабат көшетін отырғызып үлгерген.

Жерді жалға алып, егін егіп отырған шаруаның бірі Сапар Үсенов қырыққабаттың жаңа түрлерінен мол өнім алуды жоспарлап отыр.

Күн-түн демей қараша айынан бастап жылыжайға ерте пісетін «Пандион» жане «Зарисма» көшеттерін өндіруді бастағанбыз. Дайын болған көшеттерді 5 гектар аумаққа отырғыздық. Былтыр осы жерден 300 тонна өнім алып үлгердік, алынған өнімді көршілес елдерге жібереміз. Былтырғы жылы өнім өзін-өзі ақтады, – дейді ол.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысы, Жетісай ауданы бойынша 78500 гектар аумаққа егіс егіледі жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 мың гектар жерге ерте пісетін қырыққабат егілетін болады деген болжам бар.

Барлық жаңалықтар