00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жолаушылар пайдаланылмаған пойыз билеттерінің ақшасын қалай қайтарады

24.02.2023 | 21:23
Елорда ақпарат
46

"Төтенше жағдай кезінде жүретін жолаушылар пойыздарына пайдаланылмаған жол жүру билеттері үшін ақшаны тікелей "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларынан және интернет ресурстар арқылы алуға болады. Пайдаланылмаған жол жүру құжаттарын пойыз жөнелтілгеннен кейін 6 ай ішінде, бірақ одан кешіктірмей қайтаруға болады", – делінген хабарламада. 

Бұл ретте, "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында жолаушылар жол жүру құнының ұсталусыз толық төлемін алады. Сондай-ақ, интернет-ресурстары арқылы қайтару кезінде толық емес құнды алған жағдайда, арадағы айырманы алу үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларына жүгінуі қажет. Бұл жағдайда жолаушыларға жол жүру құнының айырмасын төлеу өтініші бойынша талап қою тәртібімен жүргізіледі.

Өтініш үлгісін www.bilet.railways.kz сайтындағы "Жолаушыларға" бөлімі қағидаларының 8.10-тармағының сілтемесі бойынша өтіп алуға болады.

Барлық жаңалықтар