00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа пәтер кілті тапсырылды

24.02.2023 | 20:57
Елорда ақпарат
43

Түркістандағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен «Түркістанды түлеткен» салтанатты жиынында өңір басшысы көпшілікті Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Салтанатты жиында Өмірзақ Шөкеев бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласындағы жаңа пәтердің кілтін тапсырды. Сонымен бірге өңір басшысы ел үшін еңбек етіп, құрметке бөленген азаматтарға «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын, бірнеше үздікке «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін тапсырды.

Мәдениет, спорт салалары бойынша жыл үздіктерін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов марапаттады. Ол жуырда ғана республиканың басты сөз додасында топ жарған түркістандық ақын Бекарыс Шойбековке «Алтын домбыраны» ұсынды. Бұл домбыра енді бір жыл бойы Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығының жәдігеріне айналмақ. 

Барлығы 40 аталым бойынша жыл үздіктері марапатталған жиында республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары мен қазақ эстрадасының жұлдыздары концерттік бағдарламасын ұсынды. Атап айтсақ, «Жігіттер», «Меломен» топтарымен бірге «Славян базары» фестивалінің гран при иегері Рухия Байдүкенова, Украина жұлдызы Назар Яцишин мен өзге де өнерпаздар Түркістан төрін мерекеге бөледі. 
 

Барлық жаңалықтар