00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

"Қандай құрметке де лайық!": Белгілі журналист Құрмет Талапқазыға баспана алып бермекші (ВИДЕО)

24.02.2023 | 20:32
Елорда ақпарат
48

"Мақсат, сен баста, біз қостаймыз" деп талай адам жазып еді. Тәуекел, игі іске жұмылайық енді, біздің қолымыздан келеді. Ала жаздай Маңғыстаудағы қуаңшылықта жұрттың мал-жанын ойлап, тонналап шөп жіберуге себепкер болған Құрмет бауырымыз қандай құрметке де лайық. Сол уақытта елді жақсылық жасауға шақырған Құрметке біз де жақсылық жасап, құрмет көрсетіп жіберейік, ағайын, – деп жазды ол.

Құрмет Шымкентке оқуға түскен. Бірақ пәтер жалдап тұрады екен.

Әке-шешесі,  туған аға-бауырларының бәрі Қытайда. Қаланың шетінен жер үй алып, кәсіп бастап, жақындарын Қазақстанға көшіріп әкелгісі келеді. Үш күннің ішінде асарлатып жіберсек, бұйырса, жаңа жылда жаңа баспанаға кіреді. Бізге жеңіл болсын деп,  белгілі меценат Дулат Тастекейге қолқа салдым. Жиналған ақшаның үстіне 50 пайызын қосамын деп уәде берді. Бізде уақыт аз. Құрмет Талапқазы өздігінен көмек сұрамайтыны белгілі.  Бұйырса, 31 желтоқсан күні Құрмет өз баспанасында жаңа жылды қарсы алады деп сенемін. Атсалысайық, бөлісіңіздер! – дейді тележурналист. 

Барлық жаңалықтар