00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Шетелде жүрген ел азаматтары төлқұжатын қалай рәсімдей алады

24.02.2023 | 20:21
Елорда ақпарат
55

Егер сіз шетелде оқып жатсаңыз, жұмыс істесеңіз немесе тұрып жатсаңыз және сізге ҚР азаматының төлқұжатын алу/ауыстыру қажет болса, оған бола Қазақстанға қайтудың қажеті жоқ.

Ол үшін сол елдегі ҚР елшілігіне немесе консулдығына хабарласып, келесі құжаттарды ұсынсаңыз болғаны:

- өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат:
- төлқұжатты ауыстыру үшін - ҚР азаматының төлқұжаты;
- 16 жасқа толмаған болса - туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты;
- өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті 4 фотосурет;
- шетелде тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу, отбасы жағдайы, денсаулық фактісін растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);
- консулдық төлем түбіртегі.

Қызмет көрсету мерзімі - 80 күнтізбелік күн.

Барлық жаңалықтар