00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Енді зейнетақы төлемдеріне жер телімін сатып алуға болады

24.02.2023 | 20:08
Елорда ақпарат
17

Бұл туралы «Отбасы банкінің» басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов мәлімдеді.

«Достар, сіздерді біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесіндегі өзгерістер туралы хабардар еткім келеді. Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланудың қолданыстағы мақсаттарына жаңа мақсат қосылды. Енді зейнетақы үстемесінің көмегімен жер телімін сатып алу мүмкіндігі пайда болады. Жер учаскесі жеке тұрғын үй құрылысына немесе жеке қосалқы шаруашылыққа арналуға тиіс», – деп жазды Нұрлан Ақшанов.

Оның айтуынша, жер телімінде 24 ай ішінде үй салып немесе нысаналы мақсатта қолданатынын растайтын құжаттарды банкке ұсыну қажет.

Ол үшін қолданысқа енгізілу актісі, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама құжаттары қажет.

 

Барлық жаңалықтар