00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұр-Сұлтанда сотталған қанша адам рақымшылыққа ілігеді

24.02.2023 | 19:42
Елорда ақпарат
43

Естеріңізге салсақ, 2021 жылғы 2 желтоқсанда Сенат “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау” туралы заңды қабылдаған болатын. Заңға Президент 7 желтоқсанда қол қойды.

Аталмыш заңды жүзеге асыру мақсатында елорданың қылмыстық-атқару департаменті қызметкерлері жазасын өтеп жатқандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Онымен қоса материалдарды сотқа дұрыс дайындау үшін 6 желтоқсан күні рақымшылық туралы заңды жүзеге асыру мәселелерін талқылау бойынша онлайн-кездесу өтті. Онда Байқоңыр, Алматы, Сарыарқа және Есіл ауданы сотының, қалалық прокуратураның, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің өкілдері қатысты.

Алдын ала есептеулер бойынша, қазіргі таңда елордалық департамент мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 210 адам мен пробация есебінде тұрған 700 адам рақымшылыққа ілігеді.

Барлық жаңалықтар