00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

ҚР бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

24.02.2023 | 19:16
Елорда ақпарат
33
  • Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдар оларды ертіп алып жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын, құжаттамалық растауды ұсынған, Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған азаматтарды қоспағанда барлық келетіндер адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде  нәтижесін берген күнінен бастап 3 тәуліктен астам уақыт өтпеген теріс нәтижесі бар (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі) Анықтаманы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ұсынуға міндетті.

  • Бұл ретте, оларды ертіп алып жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда Израиль, Чехия, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада, Бельгия және Египет елдерінен келген азаматтар COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес ПТР әдісімен алынған COVID-19 тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті.

  • Халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады;

  • Авиакомпания басшылары оларды ертіп алып жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама) бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар-жоғына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 72 сағаттан ерте емес алынған теріс нәтижесі бар 

  • Анықтаманы ұсынбаған, осы қаулыға қосымшаға сәйкес шетелден келген жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жол бермеуі тиіс;
  • Қаулы 2021 жылғы 3 желтоқсанда сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

    Таяуда Қазақстанда "омикрон" штамына байланысты жаңа шектеулер енгізілетіні хабарланды.

Барлық жаңалықтар