00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мәжілісте көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны көбейту ұсынылды

24.02.2023 | 18:49
Елорда ақпарат
42

Депутаттың айтуынша, азық-түлік, коммуналдық қызмет тарифі тұрақты түрде қымбаттап, жалпы өмір сүру құны өсіп бара жатқан жағдайда мүгедектігі бар адамдар, бала тууына байланысты демалыста отырған аналар, көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер үшін мемлекеттік жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерінің артуы – аса маңызды мәселе.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімі бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы қазіргі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге немесе 41%-ға өседі. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты үйінде отырған аналардың, көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын, сонымен қатар ең төменгі зейнетақыны ұлғайту мәселесін қарастырып жатқан жоқ, - дейді депутат.

Оның сөзінше, 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасында министрлік әлеуметтік жәрдемақының барлық түрін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 5%-ға арттыруды жоспарлап отыр. Бірақ бұл көлем инфляцияның статистикалық өсімі түгілі, азық-түлік пен киімнің, түрлі қызметтер мен тариф бағасының шығынын жаппайды.

Ерлан Смайлов өз сөзінде мемлекеттік бюджеттің шексіз еместігін, алайда ұтымды жоспарлау мен пайдалану арқылы оның мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтуге болатынын жеткізді. 

Мысалы, 2020 жылы тиімсіз жоспарланған қаражат көлемі 570 млрд теңгені құрады. Бұған ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау кезінде миллиардтаған, тіпті триллиондаған қаржының жымқырылуы дәлел. Үкімет ел экономикасын дамытып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ел азаматтарына инвестиция салуға тиіс. Өкінішке қарай, Үкімет те, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі де бұл бастаманы іс жүзінде түсінуге және жүзеге асыруға қабілетті емес. Бұл болашақта елдің бәсекеге қабілеттілігіне тәуекел туғызады, - деп толықтырды депутат Мәжілісте.

Осыған байланысты «Қазақстан Халық партиясы» депутаттық фракциясы өз ұсыныстарын жеткізді:

  1. Үкіметке 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бар адамдардың, бала күтімі бойынша үйде отырған әйелдердің, көпбалалы отбасылардың жәрдемақысы мен басқа да мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшерін ең төменгі жалақы деңгейіне дейін арттыруды;
  2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өз міндеттерін еске алып, ел азаматтарының әлеуметтік жағдайы мен еңбек жолындағы проблемалық мәселелерін қорғау және шешу бойынша белсенді ұстанымға ие болуды ұсынады.
  3. Біз тағы да баланың өмірлік, физиологиялық жағдайына, білім алуына, әлеуметтік ахуалына, мәдени және спорттық қажеттілігіне жауап беретін балалар тұтыну қоржынын әзірлеуді және енгізу бастамасына назар аударамыз.
  4. Мүгедектігі бар адамдарды, ана мен баланы, зейнеткерлерді, жас отбасыларды қорғауға және қолдауға бағытталған барлық қолдау шараларының нәтижелілігіне ревизия, талдау және бағалау жүргізу қажеттігін алға тартамыз.
  5. Бюджет қаражатын игеруге және басшылар мен орындаушылардың дербес жауапкершілігіне байланыстыра отырып, мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудың сапалық индикаторларын әзірлеу қажет деп санаймыз. Нәтижесінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі қызметінің жемісі елдегі теңсіздікті төмендету, өмір мен денсаулық сапасын жақсарту, қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын дұрыстау сынды факторлармен өлшенетін болады.
Барлық жаңалықтар