00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 584 мыңнан астам адам қатысты

24.02.2023 | 18:19
Елорда ақпарат
44

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқамерзімді курстарға 16,9 мың адам, ТжКБ бойынша оқуға 15 мың адам жіберілді.

8 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 22,8 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік грант алды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 172,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 17,9 мың адам; жастар практикасына – 25,4 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 129,5 мың адам.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 814 отбасы немесе 6 102 адам қоныс аударды, оның ішінде 2 610 адам еңбекке қабілетті жаста. Оның ішінде 1 866 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 130 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 8 адам оқуға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.

Қысқамерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

Барлық жаңалықтар