00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық дәрігер ревакцинацияның артықшылықтары туралы айтты

24.02.2023 | 18:09
Елорда ақпарат
38

"Ревакцинация – бұл коронавирустық инфекцияға қарсы иммундық жүйені нығайту. Бірінші кезекте халықтың осал топтары – медициналық қызметкерлер, педагогтер, әлеуметтік мекемелер медиктерінің контингенті мен қызметкерлер, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері жатады, сондай-ақ вакцинациялаудың 1-кезеңін алған 60 жастан асқан адамдар мен ҚР барлық азаматтары қайта вакцинациялауға жіберіледі", - деді астаналық аурухананың терапеві Гүлназира Тоқтасова.

Ревакцинация алғашқы вакцинациядан кейін 7-9 ай өткен соң жүргізіледі.Қазіргі уақытта QazVac, V спутнигі, Verocell вакциналары бар.

"Біз соңғы екі жылда коронавирустық инфекцияның қаншалықты ауыр екенін және оның салдары қандай екенін білеміз (ағзаны ұзақ қалпына келтіру және оңалту). Қатарлас аурулары барлар мен жас контингент қауіп тобына жатады. Коронавирустық инфекцияға қарсы 100% вакцинация мен ревакцинацияға қол жеткізе отырып, біз халықты қорғауды қамтамасыз етіп, вирустың таралуын тоқтата аламыз", - деп сөзін толықтырды елордалық дәрігер.

Барлық жаңалықтар