00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Агенттік азаматтарды қаржы пирамидаларынан сақ болуға шақырды

24.02.2023 | 18:09
Елорда ақпарат
36

Пирамидалардың көпшілігі интернет-жобалар түрінде әрекет етеді және сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істейді.

Агенттіктің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті қаржы пирамидасының белгілері бар «Antares Limited» инвестициялық компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Компания қызметкерлері азаматтардың қаражатын инвестициялар бойынша тренингтер өткізу арқылы тартып отырған.

“Тренингке қатысушылар ақшалай қаражатты компания қызметкерінің «Kaspi Bank» карточка шотына аударған. Одан әрі олар виртуалды ақша аударылған электрондық парақты ашуға мүмкіндік алған. Бұл қаражатқа күніне салым сомасының 1% көлеміндегі уәде етілген пайдасы бар инвестициялық пакет сатып алынды. Ақша тек жаңа салымшыларға пакеттер сату немесе қосымша инвестициялық пакеттер сатып алу арқылы шығарылып отырды. Сонымен қатар, жаңа салымшыны тартқаны үшін виртуалды ақшамен төленген салым сомасының 1-ден 5%-на дейінгі сыйақы қарастырылған”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қаржылық мониторинг агенттігі осындай күмәнді жобаларға қатысудан бас тартуға шақырады. Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасына тартылған болса, +7 7172 708 478 сенім телефонына хабарласуын сұрайды.

Барлық жаңалықтар