00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қымбатшылық қысқан тұрғын көпқабатты үйдің шатырында тауық баққан

24.02.2023 | 18:05
Елорда ақпарат
77

Он қабатты үйдің шатырында тауық ұстаған тұрғын бір-екі көршісінен рұқсат та алыпты. Бірақ өзге тұрғындар әтештің шақырған даусынан ұйқымыз бұзылды деп шу шығарған. Алғашында түк түсінбеген олар көршісінің шатырда құс асырайтынын кейін біліпті.

Құс иесінің айтуынша, бұрын бір данасы 35 теңге тұратын жұмыртқа қазір 55-60 теңгеге көтерілген. Сондықтан ол 6 баласын жұмыртқамен қамтып отыруды ойлапты. Бірақ тауықтарынан әлі жұмыртқа алып үлгермеген.

Сондай-ақ тауық қора иесі көпқабатты үйдің шатырындағы шағын бөлме ешкімге керек болмаған соң тазалап алғанын алға тартып отыр. Ал ПИК он қабатты үйдің шатырына ешкімге кіруге рұқсат жоқ екенін айтады. Тіпті олар сақтық үшін құлып та салып қойған. Алайда Рүстем Тінеев шатырға көрші үйдің төбесі арқылы өткен көрінеді. Шыдамы таусылған жұрт кейін полиция шақырған.

Ақтау қалалық ПБ ЖПҚ бөлімі бастығының орынбасары Олжас Әлімбаевтың айтуынша, осы жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы және 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалып, Рүстем Тінеевке 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Енді ол алдағы бір-екі күн ішінде тауық қорасын тазалап, үй құстарын шатырдан алып кетуі керек.

Барлық жаңалықтар