00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Дәрігерлер «тегін жатқан ұрық жоқ» екенін ескертті

24.02.2023 | 18:05
Елорда ақпарат
40

Мысалы, биыл 7 мың жұп тегін экстракорпоралды ұрықтандыру квотасына ие болды. Алайда отандық репродуктолог дәрігерлер бір перзентке зар болғандар ЭКО жасатудан секем алғанын айтып дабыл қағуда.

Өйткені кейбір ерлі-зайыптылар әйелдің жатырына өздерінің емес, өзгенің ұрығы салынады деп қорқады екен. Ал дәрігерлер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және «тегін жатқан ұрық жоқ» екенін алға тартып отыр.

Сонымен қатар елімізде қазір 30-дан асса да тұрмыс құрмаған қыздарға ЭКО арқылы бала сүю бақытын сыйлау мүмкіндіктері қарастырылып жатқан көрінеді. Бұл ретте дәрігерлер жасанды жолмен дүниеге келген балалардың есейген соң табиғи жолмен сәби сүйе алатынын айтады.

Барлық жаңалықтар